54.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз.

Еліміз тәуелсіздігін алған сәтте әлемдегі ең көпұлтты, ең көпдінді мемлекеттердің біріне айналды. Заманауи әлемде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дәл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқандықтан, әсіресе, Қазақстанға дұшпан көзбен қарайтын, мысықтілеулі сарапшылардың көпшілігі көп ұзамай-ақ бұл ел өз ішінен іріп-шіріп, қырық пышақ болып жан-жаққа тартып, ақыры ел болмай құлап тынады деп сәуегейсіп баққаны да сондықтан. Ұлттык сана-сезім — адамның рухани емірінің басты белгілерінің бірі. Ол әрбір жеке адамга, әлеуметгік топқа және бүкіл қогамга тэн қасиет. Ұлттық қауымдастыктың негізі ұлттық санада, яғни бұл — ұлттық мэселелердің түпкі мэні. Тұлғаның ұлттық сана-сезімі — ұлтгы сақтаудың негізгі кепілі. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мектеп алдына койылатын талап — тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушыларымыздың сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру болып отыр. Бүгінгі ұлттық тәрбиенің мақсаты да қалыптасып келе жатқан тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, ұлтгык құндылыісгарды құрметгеуге жэне қорғауға үйрету болып отьф.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына ұсынып отырған жолдауларына сай, тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мэселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Ұлтгық құндылықтарды құрметгейтін тұлғаны тэрбиелеу, қапыптастастыру үшін оның ұпттық сана-сезімі қапыптасуының психологиялық механизмдерін анықгау бүгінгі күннің талабынан шығады. Қазақстан Республикасының Конституциясында да еліміздің көп этникалық құрамынан туындайтын ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нақты нормалар бекітілген болатын. Бұл ережелер ұлттық саясатты жүргізуде бүгінгідей нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. мемлекеттің ұлттық бірлік сипатын айқындайтын ережелер;Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғамның ұлттық бірлік сипатын айқындаушы ережелер еліміздегі барлық этникалық топтарды біртұтас «Қазақстан халқы» деп саяси-құқықтық баға беріп, ұлттық бірліктің негізін бекітеді. Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту ісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасымен құрылып, бүгінде конституциялық мәртебеге ие болып, елдің ішкі саясатында теңдессіз рөл атқарып отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясы екені даусыз.

55. Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?

Қазақстан-2030 Стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың

алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

56. ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.

Қазақстан Республикасының конституциясы 1995 жылы 30 тамызда Алматы қаласында республикалық референдумда қабылданды.Конституция тоғыз бөлім тоқсан сегіз баптан тұрады. Тоғыз бөлім:1.Жалпы ережелер2. Адам және азамат3.президент 4.Парламент5.Үкімет 6.Конституциялық кенес7. Соттар және сот төрелігі 8.Жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару 9.Қорытынды және өтпелі ережелер.Өзгертулер: 1)41 баптың 4тармағы ҚР ның 1998 жылғы 7қазандағы№284-1заңымен алынып тасталынды2).ҚР ның 1998 жылғы 7 қазандағы №284-1 Заңымен 42 баптың 4 тармағы алып тасталынды.3)ҚР ның 2007 жылғы 21мамырдағы №254-IIIосындай заңымен 43 баптың 2 тармағы алып тасталынды.52-бап.Қ.Р. 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-III заңымен 52 баптың 1 тарамғы алып тасталынды.66-баптың 9-тармақшасы ҚР ның 1998 ж 7 қазандағы №284 – I заңымен алып тасталынған.Қ.Р 2007жылғы 21 мамырдағы №254- III заңымен 67 баптың 2 тармақшасы алып тасталынды.70-тың алтыншы тармағында « Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты үкіметтің орнына түсуі қабылданбаған жағдайда президент парламентті таратуға қақылы»алынып тасталынды.ҚР ның 2007 ж 21мамырдағы №254 III заңымен 84 бап алынып тасталынды.Толықтырулар:2-бап.1.ҚР парламенті мен оның палаталары осы заңда өздері үшін козделген Конст.өкілеттілірді үшінші сайланған ҚР парламенті мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң алады. 2. ҚР Конст лауазымды адамдарға өкілеттілік бердің жаңа тәртібін белгілейтін нормалар осы лауазымды адамдардың өкілеттілік мерзімі аяқталуына немесе өкілеттіліктердің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі. 3.Жоғарғы сот кеңесі әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық іріктеу аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіліктерін «ҚР сот жүйесі судьяларының мәртебесі туралы » Конст заңға , «ҚР жоғарғы сот кеңесі туралы»заңға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілген соң және «ҚР аділет біліктілік алқасы туралы » заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады.Аталған өзгерістер мен толықтылулар күшіне енгенге дейін бұрын Конст белгіленген тәртіп қолданылады.4.Конст. көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.3- Бап. Осы заңның 2- бабының ережелері ескеріле отырып , ресми дариаланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын анықтайын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтық ара қатынасын анықтайды.

57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі — Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» кол қоюы, НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті. Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына — Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалык, қайта қүру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалык. Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық үйымында белсенді түрде жүмыс істеуде. Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы — ұлы Абайдың 150 жылдык. мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі. Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялык қатынастар орнатылды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзіндік қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялык, тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыкка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халкының кұкықы мен бостандықтарын қорғауга қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарынын негізінде таяу және алыс шетелдердін бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ыкылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қнаа қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і казақ даласында өсіріледі. Мүның бәрі шетеддерді қызыктырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бүл саладағы негізгі мақсат— Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін корғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялык, шабуыл қаруын кыскартуды жақтайды, жаппай кырып-жоятын карудың баска түрлеріне тыйым салуға бағытгалған бастамаларды дұрыс деп табады. Сайып келгенде, Қазакстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасты және әлемдік коғамдастықтың толык құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі, достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар, республикамыздың халыкаралық деңгейде мүдделі болып отырған, көкейтесті мәселелері — қарусыздану және халыкаралык қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті колдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құкықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, кұқыктык, қоғам орнатуына семіміміз мол.





58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.

Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Өзгеру емес, жетілу Жоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол — жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді? Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де. Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес. Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау — команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол — либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып отыр. Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады: 1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық — күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика); 2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді); 3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес). Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой…Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау — команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол — либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.

59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді. «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған. Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым. Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады. Мемлекет қызметтері – ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. 1)Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени — тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету. Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б. Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады. Құқықтық қызмет – құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады. Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау. Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. 2) Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі. Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру. Мемлекет  мынандай сипаттармен  айқындалады: 1) Бұқаралық  билікті жүзеге асыратын  адамдардың ұйымы,  ол үшін  нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды   қалыптастырып  отырады. 2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті  жүргізетін құрылым  екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады,  қызметінің  түрлері де  көбейіп отырады. Соңғы уақытта  мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың  мүддесіне  орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын  аппарат деп келеді.  Бұл дұрыс та.  Тек  бұл қырынан  келіп қарау  маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның,  жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай  қорытындыларға келеміз: 1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді. 2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді. 3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді. 4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады. 5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.

Саяси мәдениет дегеніміз — адамдардың саяси білімдерін,саяси ой-пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бейімдейтін қоғам мәдениетінің ерекше саласы. Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды.Саяси мәдениет саяси жүйенің сипатын ,қазіргі саяси тәртіптің мәнін ,қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекетінің ерекшеліктерін ,саяси процестің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.20-ғ.50-60жылдары Г.Алмонд, Ерба ,Л.Пай деген американ зерттеушілері мен ол-ң шәкірттері мәдениетке де, саясатқа да қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс ж-де бәрнеше жұмыстар шығарды.Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең таралды.С.м. тұжырымдамасын белгілеп,нег.пікірлерін жасауға Вебер, Дюркгейм,Парсонс та елеулі үлес қосты.Жалпы ғыоымға «с.м.» ұғымын енгізуші деп 18 ғ неміс ағартушысы , философы Иоганн Гердерді санайды.С.м. құрылымы жөн.әртүрлі пікірлер бар: -Алмонд,Верба –с.м. –адамның психолог.бағдар-ң жиынтығы. Басқалар-саяси қазынаның ,нанымның ,нұсқаудың жиынтығы.Р.Карр, Бернстейн-с.м.-ке саяси идеялар мен әлеум.тәжірибе ,адам-ң саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді.Саяси мәдениет деп-белгілі бір қоғамға не әлеум.қоғамдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттің ұқсастық жиынтығы.Қызметтері: 1.Танымдық-қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге,субьектіні саяси салада табысты жұиыс істеуге керекті біліммен,қоғ.басқару-ң әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. 2.Реттеушілік-саяси жүйенің қалыпты жұмысын,дамуын,саналы қоғ.тәртіпті қамт. ету,әлеум-таптық ұлттық қатынасты реттеу. 3.Тәрбиелік- әркімді қоғ-саяси қызметке,саяси белсенділікке ынталандыру,төзімділікке,қоғам алдынды жауапкершілікке баулу. 4.Біріктірушілік-қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқ. Әлеум.топтар ,таптарды біріктіру ,бұқараны мемл.және қоғ. Жұмыстарын басқаруға жұмылдыру. 5.Қорғау-қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды сақтау. 6.Сабақтастық-саяси тәжірибені 1 ұрпақтан 2-ұрпаққа жалғастырып,саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамт.ететін тарихи сабақтастық. Құрылымы: 2.Қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер.3.Саяси қазыналар мен құндылықтар. 4.Адамның мемл-ке,саяси ұйымдарға,партияларға қатынасы.5.Саяси бағдар ұстау. 6.Әдет-ғұрып,жүріс-тұрыстың да орны зор. 7.С.м. ерекше белгісі- саяси рәміздер. 8.Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.

Саяси мәдениеттің  жалпы міндеті -  белгілі бір жүйенің  қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен  жүзеге асырылуы мүмкін.  Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың  белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің  біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен  білім  алу,  балалар және жастар  саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті  жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси  сенімі өзгеруі мүмкін.





Cұрақтар

1

Жаңа дәуірдің саяси теориялары.

2

Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.

3

Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.

4

Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.

5

Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.

6

Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

7

Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар

8

Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.

9

Биліктің тиімділігі мен легитимділігі

10

Мемлекеттің пайда болу теориялары

11

Саяси билік легитимділігінің түрлері (М.Вебер бойынша)

12

Саяси жүйенің типологиясы

13





Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз

14

Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз

15

Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз

16

Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз

17

Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз

18

Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз

19

Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз

20

Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз

21

Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

22

Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері

23

Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.

24

Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі

25

Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.

26

Конфедерациялық және федерациялық мемлекет құрылымдар арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.

27

Либералистік және фашистік саяси идеологиялардың арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.

28

Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері

29

Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.

30

Д. Истонның және Г. Алмондтың саяси жүйе теорияларының негізгі айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз

31

Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз

32

Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері

33

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз

34

Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

35

Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.

36

 Қазақстандағы көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз

37

Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.

38

Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.

39

Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.

40

Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, Ф.Аквинский, Мартин Лютер)

41

Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?

42

Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (ӘлФараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.б негіздерде болады).

43

Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.

44

Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.

45

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.

46

Әз Наурыз мейрамының Қазақстан Халықтарын бірлік пен ынтамаққа шақырудағы ұлықтық саяси астарлары.

47

1986 жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?

48

Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен ҚРның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.

49

Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелері.

50

ТМД кеңістігі көлеміндегі ҚРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?

51

Жаһандықақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.

52

Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?

53

ЕҚЫҰға (OSCE) төрағалық ету барысында Қазақ елінде болған саясиэкономикалық реформаларды атап көрсетіп, мәнін ашыңыз.

54

Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз

55

Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?

56

ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.

57

Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі

58

Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.

59

Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.

60

Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз






Страницы: 1 | 2 | Весь текст